Ақпарат Қосылды Қараша 12, 2015

0

telЖүк сақтайтын бөлме: «Саяхат» қонақ үй кешені нөмірде қалдырылған бағалы заттардың жоғалғаны үшін жауапты болмайды. Қонақ үй әкімшілігі қымбат заттарды бөлмеде қалдырмауға кеңес береді. Сақтық үшін заттарыңызды  қонақ үй сейфіне  немесе жүк сақтау бөлмесіне қоюыңыз сұралады. Ол үшін әкімгерге жолығуыңызға болады (тел. 101). Химиялық тазалау және кір жуу қызметі: «Саяхат» қонақ үй кешені химиялық тазалау және кір жуу қызметін ұсынады. Жоғалды-Табылды: Жоғалған, табылған заттар жөнінде сұрап-білу үшін әкімгермен хабарласыңыз (тел. 101). Жүк:  Жүгіңізді тасу керек болса, әкімгермен хабарласыңыз (тел. 101). Лобби-бар: Бар қонақ үй кешенінің 1-қабатында орналасқан. Жайлы орында жеңіл тамақтанып алуыңызға болады. Лобби-бар тәулік бойы жұмыс істейді. Теледидар: Бос уақытыңызға пайдасы тию үшін бірнеше арнасы бар теледидар ұсынылады. Телеарналар тізімі нөміріңізде болады. Почта-телеграф қызметі: Мына телефон нөмірімен хабарласыңыз: 214. Орын алып қою:  «Саяхат» қонақ үй кешенінде орын алып қою тегін. Жазбаша өтінімдерді (нөмір категориясын, келу-кету күнін және уақытын, ТАӘ, деректемелерін көрсетіп) факс бойынша: 8 -7112-50-09-51 , электрондық адреспен:  sayahat38@mail.ru немесе біздің сайт арқылы беруіңізге болады. Орындардың бар-жоқтығын біліп, орын алып қою үшін мына телефон нөмірі бойынша хабарласыңыз: 8-7112-51-30-03. Газет-журналдар киоскісі: Қонақ үйдің бірінші қабатында орналасқан. Автотұрақ: Қонақ үй аумағында ақылы автотұрақ бар. Әкімгермен хабарласыңыз (тел. 101). Жұмыс уақыты: тәулік бойы. Авиабилеттер және темір жол билеттері: Авиабилеттер мен темір жол билеттерін «Трансавиа» кассаларынан ала аласыз. Билет алуыңызға әкімгерлер көмектеседі(тел. 101). Киімдерді жөндеу: Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін киім жөндеу қызметі ұсынылады. Түнгі клуб: Жаңғыртылуда.

Пікірді жіберу

Войти с помощью: